«Крокус Сити Холл»: құрбандар саны көбейді

«Крокус Сити Холл»: құрбандар саны көбейді
Сурет: Самат Құсайынов

114 адам емдеу мекемелеріне жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында болған теракт салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны артып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

​​Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі теракттан зардап шеккендер саны 152 адамға жеткенін хабарлады. Олардың арасында бес бала бар.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандар саны 133 адам болған еді.

Крокус Сити Холлдағы атыс құрбандар саны бойынша қазіргі Ресей тарихындағы ең ірі лаңкестік шабуылдың бірі болды.