ҰБТ қатысушылары үшін тестілеу нәтижелеріне тақырыптық талдау қолжетімді

ҰБТ қатысушылары үшін тестілеу нәтижелеріне тақырыптық талдау қолжетімді
Сурет: Ortcom.kz

ҰБТ қатысушылары үшін тестілеу нәтижелеріне жеке тақырыптық талдау ұсынылады.

Деректер емтихан аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады, бұл тестілеуге дайындық сапасын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«Тестілеуге дайындық сапасын арттыру мақсатында 2022 жылы тестілеу нәтижелеріне жеке тақырыптық талдауды енгізді. Емтихан аяқталғаннан кейін түлектер дұрыс және бұрыс жауаптармен ғана емес, сонымен қатар ҰБТ нәтижелерінің толық талдауымен де таныса алу мүмкіндігіне ие. Яғни, тестіленушілер жеке тақырыптар бойынша өздерінің әлсіз жақтарын анықтай алады. Талдау тестілеу аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болып, тестіленушінің жеке кабинетінде сақталады. Менің ойымша, талдау негізгі ҰБТ-ға дайындалу барысында ерекше маңызға ие болды. Бұл түлектерге әр пән бойынша материалды игеру деңгейін бағалауға, қателік жіберілген тақырыптарды терең зерттеуге көмектеседі. Тақырыптық талдау талапкерлерге басты емтиханға сапалы дайындалуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетейік, тестілеу туралы мәліметтермен талапкерлер ҰТО сайтындағы app.testcenter.kz Жеке кабинетте немесе UTO қосымшасы арқылы таныса алады.