Якутиядан ең көне гауһар табылды

Якутиядан ең көне гауһар табылды
Сурет: ашық дереккөз

Ғалымдар Якутия жерінен әлемдегі ең көне гауһар тас тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

MK.ru мәліметінше, бұл - адам тапқан ең көне гауһар тас.

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Геология және минералогия институтының жетекшісі Николай Похиленко гауһардың "жасы" шамамен 3,6 миллиард жыл екенін айтты. Алмаздың өлшемі 0,3 мм.

Біз ашқан гауһар сингенетикалық сульфидті қосындысы бар, "жасы" шамамен 3,6 миллиард жыл. Бүгінгі күнге дейін белгілі болған ең көне алмаз, - деді Николай Похиленко.