Якутияда ұшақ мұз боп қатқан өзенге қонды

Якутияда ұшақ мұз боп қатқан өзенге қонды
Сурет: ашық дереккөз

Якутияда ұшақ ұшу-қону алаңының орнына мұз боп қатқан өзенген қонды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

"Якутск Вечерний" басылымының мәліметінше, бүгін таңда "Полярные авиалинии" әуекомпаниясына тиесілі АН-24 ұшағы Якутск - Зырянка - Среднеколымск бағыты бойынша ұшқан. Алайда әуекемесі Зырянки әуежайына жетіп қалғанда ұшу-қону алаңына емес, Кольма өзеніне қонған.

Бортта 30 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ, ұшаққа да зақым келмеген. Жолаушылар аэровокзалға жіберілді, ал балаларымен ұшқан саяхатшылар қонақүйге қоныстанды.

Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай жағдай ұшқыштардың қателігінен болған. Росавиацияның өңірлік басқармасы осы дерекке қатысты тексеру тағайындады.