Түрксіб ауданында 24 шақырым көше жөнделеді

Түрксіб ауданында 24 шақырым көше жөнделеді
almaty-akshamy.kz

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, деді қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде

 «Қайрат» шағын ауданында ұзындығы 2,7 шақырым жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жол салу жұмыстарын осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ауданда 18 көшедегі ұзындығы 24 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүреді.

Қалалық басқару жүйесін децентрализациялау  аясында биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізуде. Түрксіб ауданындағы 40 мың м2 астам магистральды көшелерді ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету үшін 500 млн. теңге бөлінді.