Тұлғаларды толғандырған банкроттық мәселесі

Тұлғаларды толғандырған банкроттық мәселесі

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініш қабылдау қашан басталады?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініштер қабылдау қашан басталатынына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Tengrinews. kz -ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, банкроттық бойынша өтініштер электронды форматта түсе бастаған.

«Қаржы басқарушылары бойынша мемлекеттік қызметті қостық. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелер ретінде 40 ақпараттық жүйемен интеграцияланған жаңа ақпараттық жүйені құрдық. Екі рет пилоттық сынақ жүргізілді, жүктеме сынақтары жүргізілді, жүйе жұмыс істейді. 3 наурызда алғашқы өтініштердің қабылдануын күтеміз, жоғары деңгейдегі қызметкерлеріміз борышкерлер ең көп аймақтарға жіберіледі», - деді Біржанов Сенат отырысында депутаттар сауалына жауап беріп.