Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Сурет: Egemen.kz

Серік Төленбергенов ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда.

2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.

2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.