Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын

Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұмытып кетпеңіздер, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты (2023 жылға) төлеу мерзімі 1- сәуірде аяқталады.

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткішімен есептеледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Салықтың есептелген сомасы бойынша ақпарат 15 наурыздан кейін «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі. Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай–ақ «e–Salyq Azamat» және «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларынан  жіберіледі. 2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламалар келеді.