Төле би, Жұбанов көшелерін созу жұмыстары жалғасады

Төле би, Жұбанов көшелерін созу жұмыстары жалғасады
almaty-akshamy.kz

Наурызбай ауданын қала орталығымен байланыстыратын жолдарды салуға ерекше көңіл бөлінуде.

2023 жылы Төле би көшесінің бойында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесінің арасында 700 метр жол салынды. Биыл жұмыстар Әшімов көшесі мен Алатау даңғылы  арасындағы кесіндіде қалған жер учаскелерін сатып алуға және инженерлік желілерді шығаруға қарай жалғастырылатын болады.

Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі құрылысын биыл қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында Жұбанов көшесі жалғасының құрылысы басталып, жол Карьерная көшесінен Алатау даңғылына дейінгі төрт жолаққа дейін жер учаскелерін сатып алуға байланысты кеңейтіледі.