Ертең жұма намазы нешеде оқылады?

Ертең жұма намазы нешеде оқылады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Елімізде 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты жұма намазын оқу уақыты өзгереді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты: 

Сағат 13.00: Абай облысы;

Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;

Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;

Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;

Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;

Сағат 13.49: Атырау облысы;

Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;

Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы. 

Айта кетейік, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданды.