Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына өтті

Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына өтті
Сурет: Olympic.kz

Кокимбодағы турнирдің жүлде қоры – 53 120 доллар

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингісінде 158-орын) Кокимбодағы (Чили) турнирде сәтті ойын көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz сайтының мәліметінше, ширек финалда Скатов аргентиналық Федерико Кориямен (71-ші орын) кездесіп, оны үш сетте – 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді.

«Челленджердің» жартылай финалында қазақстандық спортшы тағы бір аргентиналық теннисші, 1/4 финалда италиялық Марко Чеккинатоны (98-ші орын) жеңген Факундо Диас Акостамен (228-ші орын) кортта кездеседі.

Кокимбодағы турнирдің жүлде қоры – 53 120 доллар. Жеңімпаз 7200 доллар ұтып, 80 рейтингілік ұпайға ие болады.