Тығынды шешудің төте жолы жол ұзарту

Тығынды шешудің төте жолы жол ұзарту
Сурет: ашық дереккөз

Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін (600 метр) ұзарту аясында бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуде.

Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда. Жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.  

Төле би көшесін ұзарту мақсатында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесі  арасында ұзындығы 700 метр жол салу жұмыстары басталды. Жұмыстарды осы жылғы 20 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда.

Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту аясында бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға байланысты жүргізілетін болады, 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.