Наурызбай ауданында алты балабақша ашылады

Наурызбай ауданында алты балабақша ашылады
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда жыл соңына дейін Шұғыла шағын ауданында 320 орындық мемлекеттік балабақша пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ол жыл басынан бері мектепке дейінгі орындардың тапшылығын төмендету мақсатында ауданда 475 орындық 9 жекеменшік балабақша ашылғанын атап өтті. Ал жыл соңына дейін 50 орындық тағы 1 балабақша ашу көзделіп отыр.

«Сонымен қатар, қазан айында Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарында 640 орындық тағы 2 балабақша салуды бастау жоспарланған, оған қаражат бөлінді. Әрі Қалқаман және Шұғыла шағын аудандарында тағы 560 орындық 2 балабақшаны жобалау басталды. 2024 жылдың сәуір айында сараптама қорытындысын алғаннан кейін құрылысты 2024 жылдың III-ші тоқсанында бастау жоспарға енген», - деді қала басшысы.