Наурызбай ауданында бірнеше бағыт күшейтілді

Наурызбай ауданында бірнеше бағыт күшейтілді
Сурет: ашық дереккөз

Алматы әкімдігі қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі.

Наурызбай ауданының тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 3 маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылып, күшейтілді, деп мәлімдеді әкім Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

№15, 47, 119 маршруттарда автобустар саны 52-ден 57-ге дейін өсті.

«Бұған қоса, желтоқсан айына дейін Наурызбай ауданына қызмет көрсететін 3 маршрут: №50 (10-нан 20-ға дейін), 118 (23-тен 25-ке дейін), 212 (14-тен 22-ге дейін) жиі жүріп, жаңартылады», - деді әкім.