Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Cурет: Inform.kz

Еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты

Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметте 21 қараша күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болатыны көрсетілген.

Тек Алматы, Шымкент, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.