Әлемде коронавирусқа қатысты ахуал қандай?

Әлемде коронавирусқа қатысты ахуал қандай?
Сурет: Inbusiness.kz

Әлемдегі коронавирус

АҚШ-та COVID-19 жұқтырған балаларды ауруханаға жатқызу бір аптада 50%-ға өсті. Күрт өсу “омикрон” штамының тез таралуымен түсіндіріледі. Нью-Йоркте ағымдағы айда балаларды ауруханаға жатқызу саны бес есе, ал Вашингтонда екі есе өсті, дәрігерлер бұл көрсеткіштің әлі де артуы мүмкін екендігін болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап.

 Франциядағы түнгі клубтар ковидке байланысты қаңтар айының соңына дейін жабылады. Бұған дейін Францияда COVID-19 аурушаңдығы бойынша абсолютті рекорд орнатылды - 24 сағат ішінде 180 мыңға жуық жағдай тіркелді. Бұл ретте ауруханалардағы пациенттер саны бір апта ішінде 17,4 мың адамға дейін өсті

 Әлем бойынша анықталған жағдайлардың тәуліктік өсімі рекордтық деңгейде қалып отыр, 1,3 миллионнан астам жағдай тіркелді. Сонымен қатар күнделікті антирекордтар Ұлыбританияда, Францияда және Италияда анықталуда.