«Әлем Сити» ТҮК аумағында 1200 орындық жаңа мектеп салынады

«Әлем Сити» ТҮК аумағында 1200 орындық жаңа мектеп салынады
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылдың I тоқсанында «Әлем Сити» ТҮК аумағында 1200 орындық мектеп пайдалануға беріледі.

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған қоса, конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін осы жылдың қазан айында Шұғыла шағын ауданындағы №174 мектепке 375 оқушы орындық қосымша құрылыс салу басталады.

«Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 7900 орындық 5 жаңа мектепті жобалау және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Е.Досаев.

Әрі «Мектеп автобусы» жобасы аясында Наурызбай ауданының 2 аса мұқтаж мектебіне (№186 – 3 автобус, №200 – 2 автобус) 2000 оқушыны қамтитын 5 автобус бөлінеді. Автобустар 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі деп күтілуде.