2 емхана және 1 дәрігерлік амбулатория салынады

2 емхана және 1 дәрігерлік амбулатория салынады
Сурет: ашық дереккөз

Наурызбай ауданында 500 адам келетін 2 жаңа емхана және 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін құрылысты 2024 жылдың сәуір айында бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Шұғыла шағын ауданындағы екінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылғы наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер өткеннен кейін құрылысты 2024 жылғы маусымда бастауды жоспарлап отырмыз», -деді қала әкімі.

Осы жылғы шілде айының басында Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды. 2024 жылы наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды және конкурстық рәсімдер өткеннен кейін құрылысты 2024 жылдың мамырында бастауды жоспарланған.