Наурызбай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу қолға алынды

Наурызбай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу қолға алынды
Сурет: ашық дереккөз

Наурызбай ауданында спорттық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленегені туралы мәлімдеді қала әкімі Е.Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2024 жылдың І-ші тоқсанының соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары шамамен 2024 жылы мамыр айында басталады», -деді қала әкімі.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде әртүрлі спорт түрлері (ойын түрлері, бассейн, жекпе-жек, бокс, күрес және т.б.) бойынша спорт секциялары қарастырылатын болады. Әр кешеннің өткізу қабілеті күніне кемінде 500 адамды құрайды. Бұл ретте спорт кешендері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделетін болады.