«Алматыжылужайэнерго» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

«Алматыжылужайэнерго» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды
almaty-akshamy.kz

«Алматыжылужайэнерго» ЖШС Бас директоры Мұхтар Саинұлы Жүнісов болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

1992 жылы Алматы энергетикалық институтын «Өнеркәсіп қондырғылары мен технологиялық кешендердің электр жетегі және оларды автоматтандыру» мамандығы бойынша тәмамдады, ал 2004 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Бейжің Тіл және мәдениет университетінде (Beijing Language and Culture University) қытай тілін машықтандырды.

Түрлі коммерциялық ұйымдар мен шағын және орта бизнесте еңбек еткен. Кәсіпкерлік және түрлі бизнес-міндеттерді шешу саласында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Акцепт», «Заңғар», «Villa dei Fiori», «Көк-Төбе» компанияларында басшылық қызметтер атқарды.

Екінші сайланған (1999-2003 жж.) Алматы қалалық мәслихатының депутаты.

«Алматыжылужайэнерго» ЖШС тағайындалғанға дейін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директорының коммуникациялар және даму жөніндегі орынбасары болды.