Әділет министрлігіне үш партиядан тіркеу туралы өтінім түскен

Әділет министрлігіне үш партиядан тіркеу туралы өтінім түскен
Сурет: Sputnik.kz

Қазір партия мүшелерінің тізімі тексеріліп жатыр.

Ведомство басшысы Қанат Мусиннің мәлімдеуінше, үш саяси партияның тіркеу туралы өтінімі Әділет министрлігінің қарауында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазіргі таңда Әділет министрлігі үш партиядан өтінім қабылдады. Үш партия ұйымдастырушылық, съезд шақыру кезеңінде. Дұрысы, бір партия съезін өткізіп қойды. Қазір партия мүшелерінің тізімі тексеріліп жатыр. Екі партия съезд шақыру сатысында», - деді Мусин.

Айтуынша, жалпы сегіз партия Әділет министрлігіне өтінім берген, бірақ әзірге олар бірінші кезеңнен өткен жоқ.

Айта кетері, бүгін Мәжіліс саяси партияларды тіркеу тәртібіне қатысты түзетулер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың өңірлердегі өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылады.