Татарстанда ұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты

Татарстанда ұшақ апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты
Cурет: РИА Новости

Тағы 7 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Татарстанның Мензелинск қаласында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі бар жеңілмоторлы L-410 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Ақпарат көзінің мәліметінше, парашютистер отырған ұшақ Мензелинск қону алаңынан (Татарстан) көкке көтерілгеннен кейін бірден құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза болды. Тағы 7 адам жарақатпен ауруханада жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жеті адамның бірінің жағдайы ауыр екенін айтты. 

Бортта барлығы 23 адам болған (оның ішінде экипаждың екі мүшесі). L-410 ұшағының құлауына жолаушылар санының артуы себеп болуы мүмкін. 
Жолаушыларды шығарып, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. L410 – аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышты ұшақ. 

Машинаны чехословакиялық Let компаниясы 1960 жылдардың соңында жасаған. Ұшақты коммерциялық пайдалану 1973 жылы басталған. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.