«Талақ» тарихи көркем фильмінің түсірілімі аяқталды

«Талақ»  тарихи көркем фильмінің түсірілімі аяқталды
Сурет: Almaty-akshamy

Түсірілім процесі Жетісу облысында өтті.

Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылында «Талақ» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Фильм қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің «Талақ» және «Әже» шығармаларының желісімен түсірілді»,- деп жазады фильм режиссері Данияр Саламат өзінің Facebook парақшасында.

 XX ғасырдың 20-30 жылдарын көз алдыңа әкелетін бұл туындыға елді күштеп колхоздастырудың салдары, сол кездегі халықтың тұрмыс мәдениетінің өзекті мәселелері, әйел тағдыры арқау болған.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен түсірілді.

Туындыдағы басты рөлдерді белгілі актер Ерболат Әлқожа және жас актерлар Амира Омарова, Аяна Бауыржанова сомдайды.