Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді?
Сурет: Nur.kz

Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа шаралар  өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме.

15 желтоқсан - Ғалым ордасында қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция.

16 желтоқсан - Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады.

17 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылады.