Сұлтанның жұдырығына шыдай алмады

Сұлтанның жұдырығына шыдай алмады
Сурет: Sports.kz

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (15-0, 11 КО) Брайтонда (Англия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Заурбек аргентиналық Серхио Мартин Сосамен (13-3, 3 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.

Осылайша, Сұлтан Заурбек кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңілді. Бұған дейін Зәуірбек WBO «еуропалық» және WBC жастар белбеуін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ шетелдік журналистер мен комментаторлар Сұлтан Заурбекті «жаңа Геннадий Головкин» және «Қазақ патшасы» деп атады.