Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Сурет: ашық дереккөз

Қазгидромет ел аумағында 11 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

"11 қараша күні елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады", - делінген ведомство ақпаратында.