Су басатын жерлердің мәселесі шешілді

Су басатын жерлердің мәселесі шешілді
Сурет inform.kz алынды

Жайлы қалалық ортаны құру жұмыстарының шеңберінде сәуір айының басынан бері «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 37 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Іске асырылып жатқан жобалардың ішінде жалпы құны 1,8 млрд. теңге болатын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, жаяу жүргіншілер және жасыл аймақтар бар. Жобаларды аяқтау мерзімі – биылғы қыркүйек айы.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының сәтті іске асырылуын ескере отырып, Алатау ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Іске асыруға жіберілген жобалардың тізімі Алматы қаласының тұрғындары дауыс бергеннен кейін осы жылдың 15 мамырына дейін белгілі болады.

Осы жылдың маусым айына дейін «Зерделі» шағынауданындағы 30 үйдің қалған 2-уін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, 2022 жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталмаған 2 үй бұзылды. Ол жерде сквер болады.

Ауданда үнемі су басатын жерлердің мәселесі шешілді. 18 учаскенің 16-сында жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша жұмыстарды бір айдың ішінде аяқталады.