Студенттердің шәкіртақысы өсті

Студенттердің шәкіртақысы өсті
Сурет: Ашық дереккөзі

Университет студенттері 36 660 теңге алады

Жоғары оқу орындарының студенттеріне төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Соған сәйкес:
- Университет студенттері 36 660 теңге алады (бұрын 31 423 болған);
- Мұғалім және дәрігер мамандығы бойынша оқитын университет студенттеріне – 58 800 теңге (бұрын 50 400 болған);
- Интерндер – 66 403 теңге (бұрын 59 289 болған);
- Магистранттар – 86 987 теңге (бұрын 76 950 болған);
- Назарбаев Университетінің магистранттарына – 162 500 теңге (бұрын 143 750 болған);
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттар мен докторанттарға – 195 000 теңге (бұрын 172 500 болған);
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (бұрын 88 494 болған) тағайындалды.
Басқа шәкіртақылардың мөлшері өзгеріссіз қалды.