Стенд ату сайысында отандық сұрмергендер 7 алтынды қанжығалады

Стенд ату сайысында отандық сұрмергендер 7 алтынды қанжығалады
Сурет: 24.kz

Кувейт астанасы Эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия Кубогы аяқталды. 

Оған 28 спортшымыз аттанып, 18 медаль жеңіп алды. Оның 7-еуі алтын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күндері стенд атудың трап бағытындағы медаль жиынтығы сарапқа салынды. Әсіресе, аралас жұптық сында қазақстандық Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова ең үздік нәтиже тіркеп, жарыс жеңімпазы атанды. Кейін дәл осы Әлішер қос қоланы еншіледі. Яғни, ерлер арасындағы жекелей сында және ерелер арасындағы командалық сында сәтті өнер көрсетті. Командалық сында Әлішерден бөлек, ел намысын Артем Чикулаев пен Александр Федоров қорғады. Бұған қоса, аралас жұптық сында қазақстандық Виктор Хасянов мен Мария Дмитриенко да үздік үштікті түйіндеді. Жасөспірімдер арасында Даниил Почивалов алтын, Богдан Конченко күміс жеңіп алды. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күндері скит бағытындағы бәсекелер болды және ұлттық құрама 13 медаль еншіледі.

Осылайша қазақстандық сұрмергендер кезекті рет құрлықтық деңгейде үздіктер қатарында екенін дәлелдеп отыр.