Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты

Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты
Сурет: Interfax.ru

«Ақ дулыға» ұйымының құтқарушылары марқұмдар бұдан да көп болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Зілзала үкімет пен көтерілісшілердің бақылауындағы аудандарда болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Онсыз да инфрақұрылымы қирап тұрған елде құтқару жұмыстарын жүргізу оңай болмайтын түрі бар. БҰҰ халықаралық ұйымдарды Сирияға гуманитарлық көмек жеткізуге үндеп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Түркия мен Сириядағы зілзала аймағында 23 миллиондай адам тұрады деп хабарлады. Кей мәліметтерге қарағанда, марқұмдар саны 20 мыңнан асуы мүмкін.