Синоптиктер 14 өңірде дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер 14 өңірде дауылды ескерту жариялады
Сурет: Adyrna.kz

Бүгін елдің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Синоптиктер 14 өңірде дауылды ескерту жариялады. Солтүстік аймақта ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Ақмола облыстарында тағы бірқатар өңірде бұрқасын соғып тұр. Тұрғындарға автокөлікпен алыс жолға шықпау жайында ескерту жасалды.