Шүменов шулатып тұр

Шүменов шулатып тұр
Сурет: Liter.kz

Қолында баласы бар еркекті соққыға жыққан Бейбіт Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін.

Полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуді бастады. Сонымен қатар Шүменов баланың өміріне қауіп төндіргені үшін бөлек қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Мәселені Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv арнасының хабарлауынша, ол боксшыны баланың өміріне қауіп төндіру әрекеті бойынша жауапқа тарту үшін Ішкі істер министрілігіне жүгінген. Динара Зәкиева бұл жөнінде өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Еске салайық, Астанадағы мейрамханалардың бірінде боксшы Бейбіт Шүменов ер адаммен ерегісіп, ақырында оны соққыға жыққаны туралы кеше хабарлаған болатынбыз. 

Бұл жайт бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Шүменовтың қолында баласы бар ер адамды аяусыз ұрып жатқаны кадрдан анық көрініп тұр.