Шотландияда жоғары лауазымға алғаш рет мұсылман адам қол жеткізді

Шотландияда жоғары лауазымға алғаш рет мұсылман адам қол жеткізді
Сурет: Egemen.kz

Хамза Юсуф Шотландияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, ант беру рәсімі Эдинбургтегі Шотландия Жоғары сотының ғимаратында өткен.

Жаңа Үкімет басшысы Жоғары сот судьялары және аға судьялардың алдында адал қызмет етуге ант берген. Айта кетейік, пәкістандық 37 жастағы Хамза Юсуф - Шотландияда жоғары лауазымға қол жеткізген алғашқы мұсылман адам.

Агенттіктің жазуынша, жаңа Премьер жақын арада Министрлер кабинетінің құрамын жариялайды.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Шотландия үкіметін 8 жыл басқарған Никола Стерджен отставкаға кететінін мәлімдеді.