Шагабутдинов көшесі уақытша жабылады

Шагабутдинов көшесі уақытша жабылады
Сурет: Grstroy.com

Енгізілген шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырды қайта құру үшін қажет.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін Шагабутдинов көшесінде Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
 
«Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады»,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі. 

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.