Сербия мектебіндегі атыстан тоғыз адам қаза тапты

Сербия мектебіндегі атыстан тоғыз адам қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Жетінші сынып оқушысы әкесінің тапаншасын қолданған

Сербия астанасы Белградта жетінші сынып оқушысы әкесінің тапаншасынан оқушыларға оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, 9 адам қаза тапты, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Белградта жасөспірім оқушылар мен мектеп күзетшілеріне оқ жаудырды. Оқиға таңғы сағат 8-дер шамасында болған.

Полиция барлық патрульді жіберіп, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бірден кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан кем дегенде 9 адам қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, жетінші сынып оқушысы әкесінің тапаншасын қолданған.

Сондай-ақ полицейлер оның сөмкесінен өрт сөндіру құралдарын тапты. Барлық адам эвакуацияланып, мектеп жанынан кезекшілік ұйымдастырылды.

"Blic" басылымының жазуынша, оқушы "тарихтан бірлік алып қалып, есінен адасқан". Оқушылардың бірі күдікті тек беске оқығанын, мектепте оны "оқымысты" деп атайтынын айтты.