Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орын алды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орын алды
zakon.kz
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл әзірге Қытайдың Уси қаласында 17-22 маусымда өтетін құрлықтық чемпионаттағы жалғыз жүлде болып тұр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

Ұлттық құрама шешуші белдесу жолында Филиппинді (45:37), Өзбекстанды (45:40) және Оңтүстік Кореяны (42:36) жеңді. Командалық семсерлесу жарысында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай күміс жүлдені жеңіп алды.