Семсерлесуден әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Семсерлесуден әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Сурет: Olympic.kz

22-24 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилисиде семсерлесуден әлем кубогі өтеді. Азия құрлығындағы командалық лицензияның тағдыры осы турнирде шешіледі.

Шпагашылар арасындағы сынға Қазақстан атынан 12 спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Олар: 

Руслан Курбанов

Эльмир Алимжанов

Ерлік Сертай

Вадим Шарлаимов

Александр Федотов

Алексей Касаткин

Богдан Лукин

Кирилл Павлов

Кирилл Проходов

Александр Савин

Георгий Тинников

Никита Жулинский.

Алдымен жекелей сын жеңімпаздары анықталса, соңғы  жарыс күнінде командалық сын жеңімпаздары белгілі болады.