Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында алғашқы жаттығуын пысықтады

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында алғашқы жаттығуын пысықтады
Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жаттығудың бірінші кезеңінде бекеттің аумағын тазарту және тексеру жүргізілді.

Қазақстандық бітімгерлік ротаның жедел әрекет ету күштері ирландиялық әріптестерімен жараланған адамды эвакуациялау бойынша бірлескен жаттығу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дабылмен көтерілген бөлімше тез арада Голан жоталарында БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы базадан бірнеше шақырым жерде орналасқан бақылау бекетіне кетті.

Содан кейін медициналық бөлім жараланған адамға жедел көмек көрсетті. Ол арнайы жабдықталған бронды дөңгелекті көлікпен эвакуацияланды.

Қазақстандық бітімгерлер миссияның жауапкершілік аймағындағы бақылау бекеттерін күшейтуге жауапты екенін атап өткен жөн. Қажет кезде олар эвакуация да жүргізеді.