Санитар дәрігерлер Қазақстан халқына үндеу жасады

Санитар дәрігерлер Қазақстан халқына үндеу жасады
Сурет: 24.kz

Үндеу Құрбан айтқа қатысты.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және мал сату, құрбан шалу кезінде жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында мынадай талаптардың сақталуы туралы еске саламыз.

Мал сату, сою бекеттерінде:

құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда, тиісті ветеринарлық құжаттармен (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) жүзеге асыру;

мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау (сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтарды уақытылы залалсыздандырып, шығару;

қызметкерлер медицина кітапшасын алуы, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы.

Үй жағдайында:

қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;

тамақтану бөлмелерін тұрақты желдету;

шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу;

үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;

ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау;

терінің іріңді аурулары, іріңді кесілген жарақаттар, күйіктер, жаралар, жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.

Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:

суық, ыстық сумен жабдықтау, су тартумен қамтамасыз ету, келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, сүрту және (немесе) кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақтау;

желдету, ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;

тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ілеспе құжаттамасының болуы;

тамақтану объектісінің шаруашылық аймағында санитариялық-гигиена жағдайын қамтамасыз ету;

персоналда арнайы киімнің, медицина тексеруінен, гигиеналық оқытудан өткен және жұмысқа рұқсаты бар жеке медицина кітапшасының болуы;

күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында персоналды медициналық қарап-тексеру.

"Еске сала кетейік, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекциясы жағдайларының туындауына ықпал етуі мүмкін", - деп ескертті комитет мамандары.