Алматыда алғашқы көпдеңгейлі тұрақ келесі пайда болады

Алматыда алғашқы  көпдеңгейлі тұрақ келесі  пайда болады
Сурет: Baq.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Өткен жылы қаланың меншігіне "Алматы паркинг"қайтарылды. Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының тарихи орталығында 12500 тұрақ орны бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Біз бірыңғай тұрақ кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасын аяқтаудамыз әрі қаланың барлық 8 ауданын қамтуды жоспарлап отырмыз. Әкімдік көліктер тұраққа қойылған көшелер бойындағы аумақтарды заңдастырып, оларды тиісті инфрақұрылымға біріктіреді», - деді Алматы әкімі

Қыркүйекке қарай сараланған төлем жүйесін іске қосу жоспарлануда. Оның  төлемі мынадай болады: орталықта қымбат, жаңа аудандарға арзан. 

«Төлемдер қаражаты бюджетке түседі. Сонымен қатар, мен бұл бюджетті былайша бөлдім: аудан қанша жинайды –  жиналған қаржыны "Халық қатысатын бюджет"бағдарламасы бойынша  кері қайтарамын. Сондай-ақ, көпдеңгейлі автотұрақтарды салу мәселесі қарастырылуда. Біз жеке тұлғаларды, өз жерлерінде осындай автотұрақтар салуға мүдделі адамдарды тартуға дайынбыз», - деді ол.  

Ерболат Досаевтың айтуынша, қаладағы алғашқы көп деңгейлі автотұрақ Ұлттық банктің жанында орналасатын болады.