Келесі аптада жұрт асыға күткен 4 пайыздық автонесие бағдарламасы іске қосылады

Келесі аптада жұрт асыға күткен 4 пайыздық автонесие бағдарламасы іске қосылады
Сурет: Tengrinews.kz

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы келесі аптада басталады.

Ол үшін жақында тиісті қаражат аударылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

"Ақша қаражатын аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүруде. Аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін қаражат ФРП-ға жіберілетін болады. Осы жұмыстарды осы аптаның аяғына дейін, яғни мамырдың 6-сына дейін бітіреміз", - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Яғни «Жасыл даму» компаниясынан 100 миллиард теңге бөлінуі тиіс.

Бұған дейін несиелеудің шарттары бекітілген еді. Ол бойынша ең жоғары қарыз көлемі - 10 миллион теңге. Мерзімі 7 жылға дейін. Мөлшерлеме - 4 пайыз. Көлік елімізде құрастырылған және оның бағасы 15 миллион теңгеден аспауы керек. Ал алғашқы жарна міндетті емес. Әрі бағдарлама ашық және әділ өтуі үшін кезекті онлайн бақылау жүйесі іске қосылады.