Джошуаны тізе бүктірді

Джошуаны тізе бүктірді
Сурет: Sportbox.ru

Усик ерледі

ҰлыБритания астанасы Лондондағы Tottenham Hottspur стадионында ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) мен міндетті үміткер Александр Усик (19-0, 13 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа толық жалғасты. Төрешілер шешімімен шешуші раундтарда белсенді болған Усик жеңіске жетті.

Үш төреші де украиналық боксшыға жеңісті берді (117-112, 116-112 және 115-113).

Сөйтіп, Энтони Джошуа мансабындағы екінші жеңіліске ұшырап, чемпиондық белбеулерінен қағылды.