Алматыда азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді

Алматыда азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда жыл соңына дейін азық-түліктің бағасы тұрақты болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте мәлімдеді, - Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл әкімдіктің назарындағы маңызды дүние. Биылғы 5 айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы 4,8%-ға өсті. Бірақ бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 миллиард теңге бөлдік. Менің ойымша, азық-түлік бағасы осы жылдың соңына дейін аздап болса да тұрақты болады. Осы жылы Алматыда 10-10,5% инфляция күтіліп отыр», - деді Ерболат Досаев журналистің сұрағына жауап беріп.