Жыл басынан бері 8 мыңнан астам адам жол ақысын төлеуден жалтарған

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам адам жол ақысын төлеуден жалтарған nur.kz

Жыл басынан бері қазақстандықтарға қоғамдық көлік ақысын төлеуден жалтарғаны үшін 8 мыңнан астам айыппұл салынған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




«Жыл басынан бері Қазақстанда 8 081 жолаушы билетсіз жүргені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оның 65%-ы Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларының 622-бабы 2-тармағын бұзған, яғни, қоғамдық көлікте жүргені үшін ақы төлеуден жалтарған», - деп жазады City Transportation Systems компаиниясының баспасөз қызметі.



Жылдың жеті айында City Transportation Systems компаниясы елордада жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 134 558 фактісін тіркеген. Оның ішінде 5 290 азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 274%-ға көп. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 29 млн теңгеден асып отыр.



«Сонымен қатар, жолаушылар арасында жеңілдігі бар және мектеп оқушыларына арналған карталарды үшінші тұлғалардың пайдалануына беретіндер бар. Көліктік бақылау қызметкерлері осындай 1 111 картаны тәркіледі. Астанадан кейін қоғамдық көлікпен билетсіз жүргені үшін жауапқа тартылғандар саны бойынша Алматы қаласы (1 524) және Шығыс Қазақстан облысы (1 026) алғашқы үштікте тұр», - делінген City Transportation Systems мәліметінде.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42