Санаққа қатыспаса не болады?

Санаққа қатыспаса не болады?
Сурет: Tengrinews.kz

1 қарашада бақылау мақсатында үй аралау басталды, ол 8 қарашаға дейін жалғасады.

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда жеке деректерін беруден бас тартқаны үшін азаматтарға жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бюроның мәліметінше, халық санағына қатысудан бас тартқан азаматтарды жауапкершілікке тарту – әлемдік тәжірибе.

Қазақстанда бұл норма Қазақстанның «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 497-бабында жазылған.

Бұл статистика органдары тарапынан қандай да бір қысым көрсетілетінін білдірмейді. Себебі, респонденттерді жауапқа тарту емес, жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы барлық азаматтарды сауалнамамен қамту мақсаты қойылып отыр. Сонымен бірге сұхбат алушылардың алдында респондентке халық санағының маңыздылығы туралы түсіндіру міндеті тұрды, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.