Қазақстан дайын мұнай-газ өнімдері экспортын 9 есеге арттырады

Қазақстан дайын мұнай-газ өнімдері экспортын 9 есеге арттырады
Inform.kz

2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспас мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның атап өтуінше, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «Мұнай-газ химиялық кешенін дамыту» бағыты аясында шикізаттық емес экспортты ұлғайту және ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиялық өндірісі іске қосылады.

«2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Нәтижесінде мұнай-газ химиялық өнімін өндіру көлемі 140 мыңнан 2 млн тоннаға дейін артып, мұнай-газ химия өнімі импортының үлесі 87 пайыздан 72 пайызға азаяды. Бұл ретте дайын мұнай-газ өнімдерінің экспорты 9 есеге, 1,4 млрд АҚШ долларына артады», - деді министр.