Салтанат Нүкенованың өліміне Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі өкініш білдірді

Салтанат Нүкенованың өліміне Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі  өкініш білдірді
Сурет: әлеуметтік желіден

 Экс-шенеуніктің бірінші әйелі Назым Қахарман өзінің Instagram парақшасында пост жариялаған.

Онда ол өзінің бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жасаған қылмысы жайлы сөз қозғапты. Оның сөзінше, бұл жайлы сөз қозғау үшін оған ойын жинақтауға біраз уақыт керек болған.

«Мен балаларыммен Салтанаттың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қазаға қайғыра көңіл айтамыз. Мен онымен жеке таныс емес едім, бірақ балаларым онымен жақсы достасып еді, оны мейірімді, жанашыр адам ретінде еске алады. Бұл қайғылы жағдай, әрине, олардың тірегі, қолдауы және үлгісі болуы керек болған адамның жасағаны үшін балаларға одан да ауыр соғып отыр.

Қазір бізге өте қорқынышты, ұят және бұл жағдай өте ауыр тиіп отыр. Менің балаларымның басына түскен қиын жағдай, әрине бұл Салтанаттан айырылған оның туғандары мен жақындарының азабымен салыстыруға келмейді, мен олардың әрқашан жақсылық жағында болатынына сенемін және білемін. Сол үшін мен балаларыммен мен алға ұмтыламыз», - деп жазды әйел