Розыбакиев көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Розыбакиев көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі
Сурет: Тaldykorgan-online.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.

9 қыркүйек сағат 22.00 мен 10 қыркүйек сағат 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша толық шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасы таратқан ақпаратта.