Король Чарльз III алғашқы мәлімдемесін жасады

Король Чарльз III алғашқы мәлімдемесін жасады
Сурет: Centralasia.media

Бұл - монархтың патшайым Елизавета II қайтыс болғаннан кейін жасалған алғашқы мәлімдемесі.

Ұлыбританияның  жаңа патшасы Чарльз III алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РБК сайтына сілтеме жасап.

«Анамыздың қайтыс болуы мен үшін және біздің отбасымыздың барлық мүшелері үшін үлкен қайғы болды. Аза тұтудың бұл кезеңінде мен және менің отбасым патшайымның құрметіне қолдау көрсетеміз. Оның қазасын бүкіл ел және әлемдегі сансыз адамдар терең сезінетінін білемін», - делінген патшаның хабарламасында.

Айта кетсек, Карл III Ұлыбритания монархы ғана емес, сондай-ақ тағы 14 тәуелсіз мемлекеттің патшасы атанды. Олар: Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Сент-Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу және Ямайка.