Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды

Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды
Сурет: Semeytany.kz

Кеше багер станциясын су басып қалған.

Осының кесірінен қазандықтарды қыздыратын мазутқа су араласып кеткен. Дегенмен жылыту орталығында жұмыс істеп жатқан мердігерлер мазутты сорып алып, барлық агрегаттың жұмысын қалпына келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шаһар әкімінің айтуынша, бұл жолы апатқа жылыту орталығы басшылығының немқұрайлығы себеп. Дәл осындай жағдай былтыр қарашаның бесінде болған. Кешеден бері багер станциясында болған апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін 4 мотопомпа, 4 суасты сорғылары іске қосылған.

 «Риддер тұрғындарына айтарым - болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтайтын болады», - деді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.